17 қараша 2017 13:00

Алматыда БҰҰ-ның жалған нөмірін таққан көлік ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі © Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі

Алматыда БҰҰ-ның жалған нөмірін таққан көлік ұсталды, - деп хабарлайды Tengirnews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда БҰҰ-ның жалған нөмірін таққан көлік ұсталды, - деп хабарлайды Tengirnews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР СІМ жолдаған сигнал бойынша Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі тұрғын үй кешендерінің біріндегі тұрақта БҰҰ нөмірін таққан Toyota Land Cruiser көлігін анықтады", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Сондай-ақ, полицияның мәліметінше, көлік жеке тұлғаға Алматының 1973 жылғы тұрғынына тиесілі.

Ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды: 603-баптың 1-бөлігі ("Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу") - 15 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл (34 039 теңге), сондай-ақ, 590-баптың 3-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу") - 15 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл (34 039 теңге) салынды.

"Toyota Land Cruiser автокөлігі арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшысы Жасұлан Байкенов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети