30 қараша 2023 11:41

Алматыда хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке басы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке басы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке басы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы Полиция департаменті хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке басы анықталғанын хабарлады.

"Қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдіктер (Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы), тағы 9-ы - Қазақстан Республикасының азаматтары", - делінген хабарламада.

Сот-медициналық сараптама тағайындалғаны айтылды.

Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Алдын ала деректер бойынша, 13 адам қаза тапқан.

Алматыда өрт шыққан хостел бұрын қандай болған? Суреттер

Хостелде, алдын ала мәлімет бойынша, 72 адам болған, 59 адам эвакуацияланған. Өртті сөндіруге Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің 46 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылған.

Үкімет хостелдегі өртті тергеу бойынша комиссия құрды. Сондай-ақ, өрт дерегі бойынша қылымыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети