26 мамыр 2020 08:27

Алматыда жарылыс болып, өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Алматының Әуезов ауданында 26 мамырда таңертең Мұстай Кәрім көшесінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.


Алматының Әуезов ауданында 26 мамырда таңертең Мұстай Кәрім көшесінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.

"ТЖД күштері мен құралдары жоғарғы нөмір бойынша жұмыс істеп жатыр. Жиһаз өндіретін цех өртеніп жатыр, жарылыс болған, себебі анықталып жатыр. ҚР ІІМ ТЖК авиациясы дайындық жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

ТЖД-дағылар кейінірек оқиға туралы мәліметті толықтырды. 

"26 мамырда сағат 05.12-де ТЖД пультіне Әуезов ауданында түтін шығып жатқаны хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетіп, жиһаз цехінің территориясындағы пилолесоматериалдар мен Foton Aumark көлігі жанып жатқанын анықтады. 

Өрт оңтүстік жағынан жеке тұрғын үй секторына таралу қаупі туындады. Өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамы шақырудың жоғары дәрежесі бойынша өсті. Келген өзара іс-қимыл қызметтерінен жедел штаб құрылды, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс жағынан екі жауынгерлік учаске құрылды, ҚР ІІМ ТЖК авиациясы әзірлікке келтірілді. Әуезов аудандық полиция басқармасы өрт орнын қоршауға алды.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрт сағат 6:00-де жалпы ауданы 970 шаршы метрде ауыздықталды. Сантехникалық жабдықтарды іске асыру бойынша жапсарлас ғимарат артта қалып, тұрғын үйлерге оттың таралу қаупін жою мүмкін болды. ІІМ ТЖК азаматтық авиация комитеті оқиға орнында 19 дана техника, жеке құрамның 65 адамы мен өзара әрекет ету қызметі жұмыс істеді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомстводағылар.


Суреттер мен Видео: Алматы ТЖД

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети