- Негізгі бет /
- Оқиға /
- Тосын жай /
Алматыда жаяу жүргіншіні екі рет қағып кетті: Ер адам қаза тапты
24 Қазан 2017, 09:58Алматыда жаяу жүргіншіге рұқсат етілмеген жерден өткен адамды көлік қағып кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы ВАЗ айналмасынан төмен Лавренев көшесінде болды.
Volkswagen Polo автокөлігі жүргізушісі солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Кенет жолға ер адам атып шыққан. Жүргізуші тоқтап үлгермей, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол бойымен келе жатқан автобус жерде жатқан ер адамды байқамай, бес метрге дейін сүйреген.
Алған жарақатынан ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады.
Тегтер:
"Тосын жай" айдарындағы басқа жаңалықтар :
СҚО-да ауыл тұрғындары бір отбасының кетуін талап етіп отыр: Болмаса өзіміз жазалаймыз
Ақмола облысында белгісіз біреулер 5 ит пен 16 күшікті атып кеткен
Қостанайда бір жасар сәби қонақүйдің бесінші қабатынан құлап кетті
Павлодарда жол апатынан полицейлер мінген көлік аударылды
Оралда темір қоршауға құлаған ер адам оқиғаның мән-жайын айтып берді
Пікір қалдырыңыз