02 қыркүйек 2020 13:11

Алматыда жоғалған 9 жастағы баланың анасы оқиғаның мән-жайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:  polisia.kz Фото: polisia.kz

Алматыда жоғалған 9 жастағы Месуттың анасы Гүлзабира Мырзақұлова оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда жоғалған 9 жастағы Месуттың анасы Гүлзабира Мырзақұлова оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, жоғалардың алдында баласы 1 қыркүйекте әжесіне тамақ апаруға кетіпті. Әжесі Медеу ауданындағы №33 мектепте жұмыс істейді екен.

"Балам мектепке барған. Бейнебақылау камераларынан оның мектептен шыққанын көруге болады. Бірақ балам үйге оралмады. Автобусқа да отырмапты. Біздің үйге тек 3 автобус келеді. Автобус жүргізушілері баламды көрмегенін айтады. Бұрын ол үйден жоғалып кеткен емес. Далаға ойнауға шығып, кейін оралатын", - дейді ана.

Қазіргі таңда баланы полиция қызметкерлері, кинологтар, ұлттық ұланның сарбаздары, жедел әрекет ету арнайы жасағы, ювеналды полиция инспекторлары, еріктілер мен педагогтар іздеп жатыр. Жалпы бұл жұмысқа 250-ден аса адам жұмылыпты.

"Жедел-іздестіру шараларының аралық нәтижесі бойынша Месуттің әжесі жұмыс істейтін №33 мектепке барғаны анықталды. Бейнебақылау камералары баланың Қалдаяқов көшесімен оңтүстік бағытта жүргенін анықтады. Оның үйі тау жақтағы жеке секторда, Кеңсай зиратының арғы жағында орналасқан. Бірінші кезекте іздеу жұмыстары осында жүргізілді.

Сонымен қатар, мобильді топтар қараусыз қалған ғимараттарды тексеріп жатыр. Азаматтардан қоңырау түсіп жатыр. Біз әр хабарламаны өңдеп тексереміз. Іздеу шараларынан нәтиже болады деп үміттенеміз. Біз баланы тапқымыз келеді, - дейді полиция полковнигі Еркін Іңкәров.

Еріктілер алматылықтарды іздеу жұмысына қатысуға шақырады.

"Біз баланы Медеу ауданы Көктөбе шағын ауданынан іздейміз. Қазір Lider.Kz еріктілер тобынан шамамен 15 адам бар. Түстен кейін тағы адамдар қосылады", - дейді топтың аға іздеушісі Әйгерім.

Іздеу тобына қосылу үшін +7 777-007-01-11 нөміріне хабарласуға болады.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласының полиция департаменті 2011 жылы туған Месут Мырзақұловтың жоғалып кеткені туралы хабарлаған еді. Басқарма бала туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды:

+7 778-798-00-77; + 7 701-739-53-94; +7 708-924-82-07 немесе 102.

Месут Мырзақұловтың бойы 125 сантиметр, арық, шашы қара. Ерекше белгілері жоқ. Ол жасыл футболка, қараала шорты, қараала кроссовки киген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети