27 ақпан 2021 13:36

Алматыда жоғалып кеткен зейнеткер бір апта бойы іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Евгений Савчин Евгений Савчин

Алматыда 19 ақпанда жоғалып кеткен 73 жастағы зейнеткер Евгений Савчиннің іздестіріліп жатқанына бір апта болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда 19 ақпанда жоғалып кеткен 73 жастағы зейнеткер Евгений Савчиннің іздестіріліп жатқанына бір апта болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әкем жоғалып кетті. 19.02.2021 жылы үйден шығып, оралмады. Қандай да бір ақпарат білсеңіз мына телефондарға хабарлауыңызды өтінеміз: +7 701 769 77 43, + 7 707 415 16 11. Ақпаратты барынша таратуды сұраймын. Біз қолымыздан келгенше бәрін көтердік, бірақ әзірге нәтиже жоқ. Күні-түні іздеп жатырмыз", - деп жазды ұлы Максим Савчин.

Зейнеткер телефонын үйде қалдырып кеткен. Қоңыр пәлте, көк джинсы мен аң терісінен жасалған баскиім киген. Оның есте сақтау қабілеті нашар екені хабарланды. 

Оны адамдар соңғы рет Жұмабаев пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында көрген.

Максим Савчиннің айтуынша, ол еріктілермен бірге дәріхана, дүкен, техникалық қызмет көрсету станцияларының бейнебақылау камераларын қарап, зейнеткер жүрді-ау деген бүкіл жолды аралап шыққан. Ол біреу әкесін тауып, үйіне кіргізді деген үмітте.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 𝑀𝒶𝓍𝒾𝓂 𝒮𝒶𝓋𝒸𝒽𝒾𝓃 (@maximsavchin)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети