Алматыда жол апаты: Lexus көлігінен екі адам әзер дегенде шығарылды

13 Қыркүйек, 13:50
0
Сурет СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасынан
Сурет СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасынан

Алматыда Lexus автокөлігі жанармай бекетінің аумағында ағашқа және бетонды қабырға соқтығысты, - деп хабарлайды СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты Абай - Байзақов көшелерінің қиылысындағы жанармай бекетінің маңында болды. Куәгерлердің айтуынша, Lexus автокөлігі батыс бағытта кетіп бара жатқан. Жүргізуші басқаруды игере алмай, ағашқа, жарнама билбордына және бетонды бағана мен тағы бір ағашқа соқтығысқан. 

"Территория происшествий" бағдарламасының тілішісі жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен жолаушының зардап шеккенін айтады. Олар аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оларды жедел жәрдем мамандарына тапсыру үшін құтқару қызметінің көмегі қажет болды. 

Оқиғаның мән жайын Алматы полициясы анықтайтын болады. 

Суреттер "Территория происшествий" бағдарламасынан

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай