Алматыда жол апатына ұшыраған Mercedes жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті

23 Ақпан 2018, 09:32
0
Алматыда жол апатына ұшыраған Mercedes жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті - © "Территория происшествий" бағдарламасы
© "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда Mercedes маркалы автокөлік жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында болды. Mercedes жүргізушісі батыс бағытта кетіп бара жатқан. Алдын ала нұсқа бойынша, жолдың тайғақ болуына байланысты жүргізуші көлікті басқаруды игере алмай, жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп Kia автомобилімен соқтығысқан. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті. Әртүрлі дене жарақатымен олар ауруханаға жеткізілді. 


©  "Территория происшествий" бағдарламасы

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай