17 қаңтар 2015 19:38

Алматыда жол апатынан 4 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Территория происшествий" бағдарламасы ©"Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда болған жол-көлік оқиғасынан 4 адам зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория проишествий" бағдарламасы. 


Алматыда болған жол-көлік оқиғасынан 4 адам зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасының "Территория проишествий" бағдарламасы. 

Алматыда жол-көлік оқиғасы 17 қаңтарда таңғы уақытта Фурманов пен Қажымұқан көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің мәліметінше, Nissan Cefiro автокөлігі Фурманов көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан. Қажымұқан көшесіне қарай бұрылып жатқанда жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, көлік тұрақта тұрған "Волга" автомобиліне соғылады. Соққыдан тұрақта тұрған көлік бағанаға соғылған. 

Жол-көлік оқиғасында 4 адам жарақат алды, олар Nissan Cefiro көлігінде болған. Айта кетейік, телеарна журналистері оқиға орнында болғанда жүргізуші көрінбеді. 

Еске сала кетейік, 11 қаңтарда Алматыда жол-көлік оқиғасынан алты адам зардап шеккені хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасы 11 қаңтарға қараған түні Достық даңғылының Оспанов көшесіне жақын тұсында болды. Куәгерлердің айтуынша, даңғылмен оңтүстік бағытта қозғалған Mercedes автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, бағанаға соғылды. Көліктегі алты адам ауруханаға жеткізілді. Полицейлер Mercedes жүргізушісінің мас болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети