Алматыда жол апатынан BMW X5 артқы дөңгелексіз қалды

28 Тамыз 2018, 15:04
0
Алматыда жол апатынан BMW X5 артқы дөңгелексіз қалды - © СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы
© СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан BMW X5 маркалы көлігі артқы дөңгелексіз қалды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасы Желтоқсан даңғылы бойында Сәтбаев көшесіне жақын жерде болған.

Куәгерлердің айтуынша, BMW X5 Желтоқсан даңғылы бойымен оңтүстік бағытта, ал Toyota Highlander жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатқан. Содан Toyota Highlander солға бұрыламын деп BMW X5 көлігін соғып  кеткен. Нәтижесінде жол талғамайтын көлік темір бағанаға соғылған. 


© СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы

Автомобиль бірнеше рет аударылған. BMW X5 көлігіндегі жолаушы зардап шекті, ол ауруханаға жеткізілді. Бағанаға соғылғаннан кейін көліктің бір дөңгелегі ұшып кеткен. Ал екінші дөңгелек жол жиегіне тиіп соғылған.



© СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы

Сондай-ақ, бағдарлама тілшілерінің мәліметінше, тағы бір жол-көлік оқиғасы салдарынан Тәттібеков көшесінде Mitsubishi RVR көлігі аударылған. Шығыс бағытта келе жатқан Mitsubishi RVR жүргізушісі бұрылыста көлік тізгінін басқара алмай қалған. Көлік бағананы қиратып, өзі де аударылған. Жүргізуші зардап шекпеді, ал жолаушысы ауруханаға жеткізілген.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай