16 қыркүйек 2017 11:33

Алматыда жол апатынан екі жүргізуші зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" бағдарламасы © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол апаты қыркүйектің 15-нен 16-на қараған түні Розыбакиев пен Өтепов көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, Ford Fiesta жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатып, Өтепов көшесіне солға бұрылмақшы болған. Осы кезде Розыбакиев көшесімен солтүстік бағыттан келе жатқан Mitsubishi Lancer бағдаршамның сары түсіне өткен. Соққы салдарынан екі көлікті де жан жаққа лақтырып жіберген. 

Жол апаты салдарынан көліктер қатты бүлінген, сонымен қатар екі автомобильдің жүргізушілері де зардап шекті. Жедел жәрдем бригадасы екеуінде ауруханаға алып кетті. 


© "Территория происшествий" бағдарламасы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети