15 ақпан 2018 09:19

Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған жігіт Ақтөбеден табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында жұмбақ жағдайда жоғалған 23 жастағы Темірхан Иман-Зұппар Айуғанұлы Ақтөбеден табылды. Бұл туралы Қоғамдық Қауіпсіздік Кеңесі бастамашыл іздеу тобы Facebook желісінде хабарлады. 

"Темірханды Ақтөбеде такси жүргізушісі тауып бергені белгілі. Осыдан кейін ол жігіттің туыстарына хабар берген. Жігітті ұрып кеткен сияқты", - делінген хабарламада. Жігіттің табылғаны жайлы "Алматы" телеарнасы да хабарлап отыр. 

"Полицейлер оны Ақтөбе облысынан тапты", - делінеді телеарна сюжетінде. 

Зергерлік бұйымдарды жөндеумен айналысатын 23 жастағы Темірхан Иман-Зұппар Айуғанұлы 6 ақпанда жоғалған. Сол күні ол Алматыға кеткен, кейін Қырғызстанға шыққан. Бұдан кейін елге оралатын сәтінде ұшты-күйлі жоғалған. Темірханды еріктілер, туыстары және полицейлер бір апта іздеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети