01 шілде 2023 09:48

Алматыда жүргізуші көптің көзінше егде жұмысшыны қылғындырмақ болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/dorogi_almaty_official © instagram/dorogi_almaty_official

Алматыда жүргізуші куәгерлердің көзінше егде жұмысшыға шабуыл жасап, оны қылғындырмақ болды,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны dorogi_almaty_official жариялады.


Алматыда жүргізуші куәгерлердің көзінше егде жұмысшыға шабуыл жасап, оны қылғындырмақ болды,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоны dorogi_almaty_official жариялады.

Видео авторының айтуынша, оқиға Гагарин мен Есқараев көшелерінің қиылысында болған. "Админ жариялашы. Бассыздық. Адамдар үлкенді және өзгенің жұмысын құрметтеуді қойған", - делінген видео астында.

Кадрларға қарағанда, Mitsubishi Delica жүргізушісі жолшылардың өткелді темір қоршаумен жауып тастағанына наразы. Көліктен түскен ер адам жұмысшылардың бірін қылғындырмақ болып, жерге құлатқан. Содан кейін ол егде адамды босатып, айғайлап, көлігіне отырып, қоршауды бұзып өтіп кетіп қалады.

Пікір қолданушылар полицияны жүргізушіні тауып, жазалауға шақырды:

"Мықты, сенімді ер адам ешқашан жасы үлкенге шабуылдамайды!!! Оның үстіне, ол тек өз жұмысын істеп жатыр".

"Әкесіндей адамды құлатып, қылғындырып жатыр, әкесін де үйінде жамбасына салып лақтыратын шығар".

"Оны қылғындырмақ болды ма???!!! Полицейлер қайда екен??? Әлде бізде адамға шабуыл жасауға бола ма?"

"Құрмет қайда? Біз ол заң алдында жауап береді деп сенеміз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети