17 шілде 2017 | 17:03

Алматыда жылу жолының жарылған сәтінің видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы көшелерінің бірінде жылу жолының жарылған сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл деректі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС өкілдері растады. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы көшелерінің бірінде жылу жолының жарылған сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл деректі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС өкілдері растады. 

Оқиға 17 шілде сағат 9:36 шамасында Қарасай мен Гайдар көшесінің қиылысында болған. 

Мұның алдында "АлТС" ЖШС Алматыда гидравликалық сынақтар өтетінін хабарлаған болатын. 

"Сынақ уақытында барлық жедел қызмет ерекше тәртіп кестесіне көшеді. "Алматы жылу жүйесі" ЖШС құрамы да үнемі дайындықта. Бүлінген жерлер анықтала салысымен жөнделеді. Сынақ кезінде ыстық сумен қамтамасыз ету сақталады. Сынақ жылу жолдарының жағдайын анықтау үшін жүргізіледі", - дейді Алматы әкімдігі таратқан хабарламада. 

Штаттан тыс жағдайда өз бетінше әрекет жасамай, "АлТС" ЖШС-ның диспетчерлік қызметіне 378-06-65 телефоны арқылы хабарласу сұралды. 

Сонымен қатар, келесідей қауіпсіздік ережелерін ұстану керек:

1. Бу шығып жатқан жерге жақындамаңыз!

2. Егер ондай орын қоршалған болса, қоршау ішіне кірмеңіз.

3. Су басқан көшемен көлікпен және жаяу өтуге тырыспаңыз - ауаға көтерілген будан қазылып қалған жерді байқамайсыз!

4. Егер көлік су тасыған аумақта тұрса, оған жоламаңыз! Асфальт астында диаметрі 10 метрдей ыстық су толы шұңқыр болуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 500.42   526.9   4.65 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети