Алматыда жылу жүйесі жарылып, Рысқұлов даңғылы бойын бу басып қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жылу жүйесі жарылып, Рысқұлов даңғылы бойын бу басып қалды Видео кадры

Алматыда жылу жүйесінен ақау шығып, салдарынан Рысқұлов даңғылында кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жылу жүйесінен ақау шығып, салдарынан Рысқұлов даңғылында кептеліс пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 7 желтоқсанда таңғы уақытта Жетісу ауданында, дәлірек айтсақ, Рысқұлов-Жансүгіров жолайрығының маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, қою түтін даңғылдың дәл ортасынан шығып, батысқа қарай кетіп жатыр. Жолды көру мүмкін емес болғандықтан полицейлер бұл бағыттағы жолды жауып тастаған. Көлік жүргізушілері бұрылып, артқа қайтуға мәжбүр.

Оқиға орнында "Алматы жылу жүйесі" ЖШС бригадасы жұмыс істеп жатыр.

"Ыстық су беру жедел түрде қалпына келтірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Қалалық Полиция департаменті мәліметінше, жылу магистраліндегі ақауға байланысты Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта Жансүгіров көшесінен Розовая көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылды. Шектеу жылу жүйесі жөнделгенге дейін күшінде.

"Жол қозғалысына қатысушыларды алдын ала бағытты түзеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз", - деді қалалық полицияның баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети