08 желтоқсан 2021 12:44

Алматыдағы Рысқұлов даңғылында көлік қозғалысы жанданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жылу жүйесіндегі ақау жойылып, көлік қозғалысы жанданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" кәсіпорнына сілтеме жасап.


Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жылу жүйесіндегі ақау жойылып, көлік қозғалысы жанданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу желілері" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысы арқылы өтетін учаскедегі жылу магистралінің жарылу салдары жойылған.

"Диаметрі бір метр құбырды қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Жылу магистралі сынақтан кейін қайта іске қосылып, белгіленген режимде жұмыс істеп тұр", - деді ұйымның баспасөз қызметі өкілі.

Сонымен қатар, 7 желтоқсанда сағат 18.30-дан бастап Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта (солтүстік жағы) автокөлік қозғалыс жолдары жартылай ашылған. 8 желтоқсанда таңғы сағат 9-да көлік қозғалысы толық қалпына келтірілген.

"Штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда (су, бу шығуы) өз бетінше іс-қимыл жасамауды және оқиға туралы "АлЖЖ" ЖШС апаттық-диспетчерлік қызметіне мына телефон +7 727 3780665 арқылы хабарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда жылу жүйесінен ақау шығып, салдарынан Рысқұлов даңғылында кептеліс пайда болғаны хабарланған болатын.

Оқиға 7 желтоқсанда таңғы уақытта Жетісу ауданында, дәлірек айтсақ, Рысқұлов-Жансүгіров жолайрығының маңында болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети