26 мамыр 2016 10:45

Алматыда "Қазақстан" қонақүйінен өрт шықты: 500-ге жуық адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан" қонақүйі. © Николай Колесников "Қазақстан" қонақүйі. © Николай Колесников

Алматыда "Қазақстан" қонақ үйінен 468 адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 26 мамыр күні таңғы сағат 8 шамасында қонақүйдегі номерлердің бірінен ТЖД пультіне хабарлама келіп түскені белгілі болды.

Оқиға орнына жедел жеткен өртсөндірушілер мен Медеу аудандық әкімдігінің қызметкерлері қонақүйдегі адамдарды дереу эвакуациялады. Ғимараттың 6-шы қабатындағы бөлмелердің бірінде қысқа тұйықталу болыпты. "Алдын аоа мәлімет бойынша, теледидарда қысқа тұйықталу болған. Жай ғана түтін шықты. Теледидар еріп, соның салдарынан түтін болған", - деді Медеу аудандық ТЖБ өкілдері. Өрттің ауданы 0,5 шаршы метр болғаны хабарланды.

Сағат 10 шамасында адамдар бөлмелеріне қайта оралыпты. "Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ", - деді ТЖБ өкілдері.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети