25 шілде 2021 16:29

Алматыда көлік жуу орны мен кафе өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Алматыда көлік жуатын орын мен кафенің шатыры өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда көлік жуатын орын мен кафенің шатыры өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 13.50-де ТЖД күштері мен құралдары Горный Гигант ықшамауданы, Ахмедияров көшесі, 20 мекен-жайына аттанды. Сағат 13.57-де жеткен кезде бірқабатты көлік жуу және кафе мен оған жақын үшқабатты ғимараттың шатырлары ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрт жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралу қаупі болды.

"Өрт шыққан жерде жедел штаб жұмылды. Электрмен жабдықтау қызметі нысанды қуаттан айырды. Өрт шыққан жерден 2 газ баллоны эвакуацияланды", - деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Өрт сөндірушілер 25 минут ішінде өртті ауыздықтаған. Оған 23 техника мен жеке құрамның 70 адамы жұмылды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети