1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда көліктердің бетпе-бет соғылуынан бір адам қаза болды 07 қазан 2014, 11:30

Lexus Момышұлы көшесінде жаяу адамды өткізіп жіберу үшін аялдаған кезде оған қарсы беттен Mitsubishi Galant соғылады.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

©СТВ/"Территория происшествий" ©СТВ/"Территория происшествий"

Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қайтыс болып, үш адам жарақат алды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 6 қазан күні сағат 17.30 шамасында Момышұлы көшесінің Райымбек және Рысқұлов даңғылдарының аралығындағы жаяулар өткелінде болды.

Lexus автокөлігінің жүргізушісі Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, жаяу адамды өткізіп жіберу үшін аялдаған. Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан Mitsubishi Galant жаяу адамды кеш байқап, солға оқыс бұрылады да, қарама-қарсы бағытқа шығып кетеді. Сол кезде ол Lexus автокөлігімен соқтығысып қалды.

Алматыдағы жол-көлік оқиғасы салдарынан Lexus жүргізушісі мен жолаушысы және Mitsubishi Galant жолаушысы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Ал Mitsubishi Galant көлігінің 1982 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Оны автокөліктен алып шығу үшін құтқарушылардың көмегіне жүгінуге тура келді. 



Join Telegram