30 сәуір 2021 16:43

Алматыда құтқару қызметінің көлігі жер астына түсіп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/kris.p.online Фото: instagram.com/kris.p.online

Алматы орталығында жер опырылып, құтқару қызметінің көлігі түсіп кетті. Оқиға Назарбаев 124 мекенжайында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы орталығында жер опырылып, құтқару қызметінің көлігі түсіп кетті. Оқиға Назарбаев 124 мекенжайында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға болған жерде түсірілген суреттер Instagram әлуметтік желісінде пайда болды. Кадрлардан арнайы техниканың артқы жағы жер астына түсіп кеткенін көруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online)

Құтқару қызметінің мәліметі бойынша, 30 сәуірде 109 экипажы Назарбаев даңғылы 124 мекенжайындағы үй балконы мен қалқанына қауіп тудыратын бұтақтарды кесу үшін шақырту алған.

"Шақырту орнына жеткенде, 109 Қызмет көрсету бөліміне тиесілі авто-гидравликалық көтергіштің оң жақ артқы дөңгелегі жер астына түсіп кетті. Ол жер жазда субұрқақ ретінде пайдаланылған. Оған қарамастан, автокөлік шұңқырдан шығарылып, құтқарушылар экипажы апат жағдайын тудырған бұтақтарды кесу жұмыстарын аяқтады", - деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.

Оқиға болған жерге полиция қызметкерлері мен Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының мамандары шақырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети