26 мамыр 2017 17:27

Алматыда қылмыстық әлемнің серкесі басқарған бұрынғы полицейлер кірген топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда Ішкі істер министрлігі аймақтағы қылмыстық әлем серкесі басқарған ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыда Ішкі істер министрлігі аймақтағы қылмыстық әлем серкесі басқарған ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл департаментінің басшысы Алмас Сәдубаев Facebook желісіндегі парақшасына 20 адамнан құралған қылмыстық топқа нотариус, полицияның бұрынғы қызметкерлері мен өзге де тұлғалар кіргенін жазған. 

Оның айтуынша, қылмыстық топ қарияларды өлтіріп, олардың пәтерлерін заңсыз иемденген және сатқан. 

"Тергеу пәтерді иемдену мен сату бойынша 4 деректі анықтады. Олардың иелері із-түссіз жоғалғандар қатарында. Бұл топ жалпы 45 қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр. Қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталып, қамауда отыр", - дейді Алмас Сәдубаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети