Алматыда қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

30 Тамыз 2017, 14:22
0
Алматыда қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды - © ugona.net
© ugona.net

Алматы полициясы қымбат көліктерді ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД-нің баспасөз қызметіне сәлтеме жасап. 

Мұның алдында қалалық және аудандық криминалды полиция бөлімшелерінен арнайы топ жасақталғаны хабарланған. 

"Бірнеше ұрлық іздерін зерттей келе көбіне Toyota Camry ұрлайтын арнайы топ бар деген болжам жасадық. Алғашқы күндері-ақ көліктердің шамамен Қырғызстанға жеткізілетіні анықталды. Ары қарайғы тергеу жұмыстарының нәтижесінде күдіктілер Toyota Land Cruiser Prado көлігін ұрлап, шегара асырмақ болған сәттерінде қолға түсті", - дейді Алматы қаласы ІІД-нің Криминалды полиция басқармасының басшысы подолковник Жанболат Зиадин.

Оның мәліметі бойынша, бұл топ 23-тен 34 жас аралығындағы бес адамнан құралған. Олардың екеуі Жамбыл, екеуі Алматы және біреуі Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары. Топты басқарған ер адамның жасы 29-да, мұның алдында ол ұрлық үшін істі болған. 

"Күдіктілер қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі кезде олардың сегіз көлікті ұрлағаны дәлелденді және басқа да ұрлық деректеріне қатысы бары анықталып жатыр", - дейді Зиадин. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай