03 қыркүйек 2019 12:57

Алматыда қыз баланы автобус қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/kris_p_brothers_official © instagram.com/kris_p_brothers_official

Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасының видеосы Instagram желісіндегі kris_p_brothers_official паблигінде жарияланды. "Алматыэлектротранс" мәліметінше, жол-көлік оқиғасы таңғы 8-де Өтеген батыр мен Қабдолов көшелерінің қиылысында болған.

"45 маршруттың жүргізушісі Өтеген батыр көшесінің бойымен оңтүстік бағытта Қабдолов көшесіне қарай жүріп, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан жаяу жүргінші бірнеше жеңіл жарақат алды. Жедел жәрдем бригадасы дереу шақыртылып, жаяу жүргіншіге медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән - жайы анықталып жатыр", - деді компанияның баспасөз қызметінің өкілдері.

"Бұл оқиға Өтеген батыр және Қабдолов көшелерінің қиылысында болды. 31 жастағы әйел Қоғамдық көлік дөңгелегінің астында қалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстарына Әуезов аудандық полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің қызметкерлері кірісті. Зардап шеккен әйелдің жарақатының ауырлығына медициналық сараптама жүргізілетін болады. Сондай-ақ, қоғамдық көлік жүргізушісімен жол қозғалысы ережесін бұзуды анықтау мақсатында автотехникалық сараптама жүргізіледі", - деді Алматы полициясы департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Матезалки Маречека сбили девушку

Публикация от Kris P Brothers (@kris_p_brothers_official)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети