Алматыда мас жүргізуші блокбекетке соғылып, екі полицей қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мас жүргізуші блокбекетке соғылып, екі полицей қаза тапты © Алматы полиция департаменті

Алматыда мас жүргізуші блокбекетті соғып өтіп, салдарынан екі полицей қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мас жүргізуші блокбекетті соғып өтіп, салдарынан екі полицей қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке қарай үшып кеткен. Салонда екі полицей болған.

Өкінішке қарай, екі полицейдің де қаза тапқаны белгілі болды.

Бастапқыда 42 жастағы аға лейтенант Жалғас Жанғазиевтің оқиға орнында қаза тапқаны хабарланса, бірнеше сағаттан соң екінші полицей, полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды. Ол ауруханаға аса ауыр жағдайда жеткізілген еді.


Жалғас Жанғазиев

"Полиция сержанты Әбдіқанов Дастан Маратжанұлы 1994 жылы дүниеге келген, Алматы тумасы. Ішкі істер органдарында 2016 жылдан бері жұмыс істеген. Үйленген, бір айлық қызы артында қалды. Қалалық полиция департаменті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Дастан Әбдіқанов

Полицейлердің мәліметінше, мас жүргізуші қамауға алынды. Осы жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети