30 маусым 2016 13:42

Алматыда мектеп директоры жоғары оқу орнына грантқа түскісі келген оқушыларды алдаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© komi-news.ru © komi-news.ru

Алматыдағы орта мектептердің бірінің директоры алаяқтық жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бостандық ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс материалдары бойынша, әйел жоғары оқу орындарына грантқа түскісі келген оқушыларды алдап келген.

"Мектеп директоры оқушылардың сеніміне кіріп, алаяқтықпен айналасып, олардан қомақты соманы алып жүрген. Ниетін іске асыру үшін ол арнайы жоспар құрып, мектеп оқушылары мен мұғалімдердің арасында жалған ақпарат таратқан. Яғни, ол мектепті бітірген соң жоғары оқу орнына грантқа түсіруге көмек көрсете алатынын айтқан", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сот үкімі бойынша мектеп директоры қомақты сомада алаяқтық жасағаны үшін айыпты деп танылып отыр. Ол үш жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтейді. Сонымен қатар, сот айыпталушының мүлкін тәркіледі. Сот үкімі әзірше күшіне енген жоқ. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети