20 шілде 2021 10:34

Алматыда мотоцикл жүргізушісі балалы әйелді қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Алматыда мотоцикл жүргізушісі балалы әйелді қағып кетті. Салдарынан әйел қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда мотоцикл жүргізушісі балалы әйелді қағып кетті. Салдарынан әйел қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жол апатынан кейін түсірілген видео жарияланды.

Назар аударыңыз! Видеода әдепсіз сөздер айтылады!

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🅺🆁🅸🆂🅿🅸_🅰🅻🅼🅰🆃🆈 (@krispi_almaty)

"19 шілдеде сағат 22.00 шамасында Алматыдағы Бостандық ауданында 1962 жылғы жүргізуші DUKE BLACK маркалы мотоциклімен Сәтбаев көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатып, №4 ғимаратқа қарама-қарсы Республика алаңында екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан 1976 жылы туған әйел және 2015 жылы туған кәмелетке толмаған бала зардап шекті. Олар Сәтбаев көшесінің жүріс бөлігін солтүстік бағытта белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Полиция мәліметі бойынша, ЖКО салдарынан әйел жансақтау бөліміне жеткізіліп, сол жерде алған жарақаттарынан қаза тапты. Бала қалалық ауруханалардың біріне жансақтау бөліміне жеткізілген. Жүргізуші де жарақат алып, ауруханаға түскен.

Дерек ҚР ҚК-ның 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Тергеу басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети