22 шілде 2021 16:34

Алматыда мотоцикл жүргізушісі қағып кеткен баланың жағдайы белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Алматы әкімдігінің ғимараты маңында мотоцикл жүргізушісі қағып кеткен баланың денсаулық жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дәрігерлер Алматы әкімдігінің ғимараты маңында мотоцикл жүргізушісі қағып кеткен баланың денсаулық жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, жол апаты салдарынан бала түрлі дәрежедегі жарақат алған. Оған ота жасалды. Бірақ жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр.

"Ол ашық бассүйек жарақатын, іш қуысы, кеуде мүшелерінің жарақаттануы, оң иығының сынуы тәрізді жарақат алған. Баланың бауыры жарылып кеткен, оған ота жасалды. Науқас қазір жансақтау бөлімінде, жағдайы өте ауыр", - деді Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🅺🆁🅸🆂🅿🅸_🅰🅻🅼🅰🆃🆈 (@krispi_almaty)

Айта кетейік, алты жасар бала 19 шілдеде түнде болған жол апатынанн кейін ауыруханаға жеткізілгені хабарланған болатын. Ол анасымен сағат 22.00-де Сәтбаев көшесін белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Бұл уақытта батыс бағыттан келе жатқан 59 жастағы мотоцикл жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қағып кетеді.

Апат салдарынан әйел реанимацияға жеткізіліп, кейін алған жарақаттарынан қайтыс болды. Мотоцикл жүргізушісі де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген. Тергеу жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети