15 қазан 2021 17:10

Алматыда өртенген көпқабатты үйден 4 жасар баласы мен анасы құтқарылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жанып жатқан бес қабатты үйден анасы мен төрт жасар баласы құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда жанып жатқан бес қабатты үйден анасы мен төрт жасар баласы құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 14 қазанда кешкі сағат төртте болған. "101"-ге Алмалы ауданындағы өрт туралы алаңдаған тұрғындардың қоңыраулары келіп түскен.

""Жол бойында өрт сөндірушілер қалың қара түтінді бақылағанын жеткізді. Бірінші өрт сөндіру бригадасы келген кезде, бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы балконның жанып жатқанын анықтады. Жиһаз жанып кеткен, жалын бірнеше минутта үйдің барлық шатырын шарпыған. Баспалдақта жоғары температура, пәтерлерде адамдар болған", - деп хабарлады қалалық ТЖД.

Барлау бастығы Рустам Уладиев өрт сөндіру кезінде құтқару жұмыстарын жүргізуге және адамдарды газдан,  түтіннен қорғап, пәтерлерден эвакуациялауға шешім шығарған. Жағдайға байланысты жеке құрамға пәтердің алдыңғы есігін ашып, балалы әйелдерді құтқару тапсырылды.

"Әйел көмек сұрады, олар қатты түтін мен температураның салдарынан пәтерден баспалдаққа шыға алмаған. Пәтерден 34 жастағы үй иесі мен оның төрт жасар ұлы табылды. Аға өрт сөндіруші Сабыржан Әділмұрат пен Талант Әбен баланы көрпеге орап, екі адамды таза ауаға шығарды. Бақытымызға орай, оларға медициналық көмек қажет болмады", - деп хабарлады департаментте.

Өрт жеті минут ішінде ауыздықталып, 19 минуттан кейін сөндірілгені атап өтілді. Оқиға орнына екі өрт сөндіру бригадасы, бес техника, 17 жеке құрам жұмылдырылды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети