12 мамыр 2017 | 13:26

Алматыда ірі жол апатын жасаған прокуратура қызметкері мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі Бекзат Бөшен 22 адам зардап шеккен жантүршігерлік жол апатының мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адам "Гелендваген" тізгінінде болған. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі Бекзат Бөшен 22 адам зардап шеккен жантүршігерлік жол апатының мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адам "Гелендваген" тізгінінде болған. 

"11 мамырда таңғы 08:00 шамасында әйелімді ауруханаға апарып тастадым, ол жақта әйелімді рентген сәулесімен емдеп жатыр. Қатерлі ісігі бар. Мен еңбек демалысындамын, сол себепті Сарыағашқа барып, демалуды жоспарлап отырғанбыз. Мен көлікті даярлап, Райымбек даңғылының бойында көліктің майын ауыстырдым", - дейді прокурордың көмекшісі. 

Сол кезде оның әйелі қоңырау шалып, тезірек келуін сұраған.

"Мен оң жақтағы кішкентай шағын көшеге бұрылайын дедім. Оң жақта тосқауылдап тұрғандықтан мен ол көлікті өткізіп жібердім, одан кейін автобус жоқ болатын. Жанымда ұлым отырды, оңға бұрдым. Ары қарай жүрейін дегенімде оң жақтан қатты соққыны сездім. Екі-үш секундтан соң есімді жидым, ұлыма қарасам ол қозғалыссыз аң-таң болып отыр. Баламды қолыма алып, сыртқа шықтым, адамдар жүгіріп келді, олар менің қолымнан баламды алып, жақын маңдағы дүкенге алып кірді. Ол қозғалыссыз жатты, мен оған алғашқы көмек көрсеттім. Ол есін жия бастады, сол мезетте жедел жәрдем келді. Біз жедел жәрдеммен бірге баланы бірінші балалар ауруханасына жеткіздік", - дейді Бекен Бөшен. 

Бекен Бөшеннің баласы көліктің алдыңғы орындығында балалар креслосында отырған.

"Ол екіде. Мен бұрылған сәтте автобус болмаған. Оң жақтан жеңіл көліктің өткенін білемін, оны көрдім, оған жол беріп, байыппен оңға қарай бұрдым, қарап едім, ешкім жоқ, осы кезде соққы болды. Оң жаққа бұрылатынымды білдіретін жарықты қостым. Ешқандай дабыл белгісін естімедім. Оң жағымда ұйықтап жатқан баламның өмірін еш уақытта қатерге тікпес едім. Ол қазір ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Нақты айта алмаймын, бірақ 50-60 шақырым жылдамдықпен келе жатқан автобус менің көлігімді 20 метрге дейін ұшырып, кейін бағанға қатты жылдамдықпен келіп соғыспас еді. Сол уақытта сасып қалдым", - дейді прокурордың көмекшісі.

"Соққы менің балам отырған жаққа жасалды. Артқы есік пен алдыңғы тіреуге соғылды. Соққы болған кезде креслодан ұшып кетті. Қазір баламның жағдайын өзім де білмеймін. Апарып тастағаннан кейін қылмыстық қудалау органдары мені алып кетті, түсінік бердім", - деді ол.

Прокурордың көмекшісі отырған "Гелендваген" басқа адамның атында екен.

"Мен жүргізген көлік бауырымның атында. Ол кезінде өзінің досынан сатып алған. Бауырымның атына жазылған. Қазіргі уақытта өзім Mitsubishi Galant көлігімен жүремін. Сол күні мен Шымкентке шығып кетпекші болған едім, Mitsubishi Galant көлігімен бару қиын болғандықтан, одан көлігін сұрап алған едім. Бауырым базарда жұмыс істейді. Ол - бизнесмен", - деп түсіндірді ол көліктің кімдікі екенін.

Бекен Бөшенов 2-17 мамыр аралығында еңбек демалысында екенін айтты.

"Бір ғана айта алатыным: Қазақстан Республикасының азаматтары, мені кешіріңіздер! Мұндайды қалаған жоқпын, автобусты шын мәнінде байқамадым. Оның үстіне оң жағымда балам отырды, баламның өмірін ешуақытта қатерге тікпейтін едім. Кешіріңіздер! Зардап шеккендерге барынша көмектесемін", - деді прокурордың көмекшісі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматы полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, 15 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (35 000 теңге) айыппұл салуға және бiр жыл мерзiмге көлiк құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғатыны көрсетілген.

"Cонымен қатар, ішкі тергеу жұмыстары басталды және біз осы жол-көлік оқиғасына қатысты әділ зерттеу жүргіземіз деп кепіл береміз", - деді бас прокуратурадағылар.

Ал осыған дейін автобуспен соғысқан Mercedes-Benz G-класс тізгінінде Алматы прокуратурасының қызметкері болғаны анықталған еді. "Шынымен де Mercedes-Benz G-класс тізгінінде Алматы прокуратурасының қызметкерлерінің бірі болған, ол 2017 жылдың 2 мамырынан бастап еңбек демалысында жүрген", - деп хабарлаған еді Алматы прокуратурасындағылар. Сондай-ақ, кейінірек Gelandewagen мен автобус соғысқан сәт түсірілген видео пайда болған еді.

Қазіргі уақытта Алматы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік қызметі қызметтік тексерісті бастап кетті. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі жасар қыз, қалалық құзырлы органның мәліметінше, жол талғамайтын көліктің салонында болған. Оның жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалаған, ол кеуде тұсынан жарақат алып, бассүйек миы зақымдалған. 

Еске салайық, бүгін жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында Тілендиев көшесімен қиылысқан тұста болды. Көптеген куәгерлердің айтуынша, № 63 бағытында жүретін қоғамдық көліктің жүргізушісі шығыс бағытта автобустарға арналған арнайы жолақпен келе жатқан. Осы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz G-класс Тілендиев көшесіне жетпей Потемкин көшесіне өту үшін дереу бұрылған. Соғысу салдарынан Mercedes-Benz G-класс 20 метрге ұшып кеткен, ал жолаушылар автобусы бағанға соғысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатының салдарынан 23 адам зардап шеккен, оның ішінде автобустың да, жеңіл көліктің де жүргізушісі бар. Барлығы ауруханаға жеткізілген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети