04 қаңтар 2023 16:00

Алматыда Шымбұлақ аумағында қар көшкіні жүрді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматыдағы Шымбұлақ аумағында қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД қызметіне сілтеме жасап.


Алматыдағы Шымбұлақ аумағында қар көшкіні жүрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД қызметіне сілтеме жасап.

Алматы ТЖД мәліметінше, сағат 12: 33-те "Эдельвейс" қонақүйі ауданындағы Кіші Алматы өзені бассейнінде қар көшкіні жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Көлемі 700 текше метр көшкін Шымбұлақ-Тұйық Су жолында тоқтап, оны жауып тастады. Қаза болғандар, зардап шеккендер мен қирату жағдайлары болған жоқ. Жолды тазалаумен "Қазселденқорғау" техникасы айналысады.

"Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазселденқорғау" осы уақытта таулы аймаққа бармауды, тік қарлы беткейлерден сақ болуды, тау шаңғысы курорттарындағы қоршаудан асып кетпеуді ұсынады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети