Алматыда студент қызды ұрып-соққан оқытушы жұмыстан шығарылды

03 Қыркүйек, 09:15
0
Алматыда студент қызды ұрып-соққан оқытушы жұмыстан шығарылды - © pixabay.com
© pixabay.com

Алматылық жекеменшік ЖОО-лардың бірінде студентті ұрған оқытушы жұмыстан қуылды, - деп хабарлайды "Еуразия Бірінші арнасы".

Телеарнаның мәліметінше, оқытушы студентті көшенің қақ ортасында соққыға жығып, қашып кеткен. Нәтижесінде 2-курс студенті полицияға шағым түсірген.

Қаладағы оқу орындарының бірінде оқитын 2-курс студенті түстену үшін асханаға бет алғанда өзіне қарама-қарсы келе жатқан бейтаныс адам оны аяғынан шалып жыққанын айтады. Күтпеген жағдайдан студент асфальттың үстіне құлап, беті, үсті-басы сырылып, бір тісі сыныпты. Онымен қоса ұялы телефоны мен қол сағаты бүлінген. Енді оның анасы күдіктінің жауапқа тартылғанын қалайды.

"Кешірім сұрады. Көмегін ұсынды. Ұсынды дегенде өзінің телефон, сағат, бір тісін сындырған. Бәрінің қаражатын көтеремін деді. Біз оған ештеңе деген жоқпыз. Ол өзі солай айтты. 01.18+02.26 бетіндегі жарақаты кетіп жатыр. Аз қалды. Тізесіндегі, қолындағы, аяғындағы жарақаты әлі бар, ауырады", - дейді қыздың анасы Мақпал.

Ал өз берінше кетіп бара жатқан бойжеткенді мертіктірген адам іргелес орналасқан оқу орнында дәріс береді екен. Алексей Хаджиев арам ойы болмағананын, асығып бара жатып, қағып кеткенін айтады. Енді бойжеткенге келтірген барлық шығынды өтеп, істі сотқа жеткізбей шешуді көздеп отыр.

"Көше қиылысында маған қарсы бір қыз келе жатты. Мен оны қағып кеттім, нақтырақ айтқанда аяғынан шалып кеттім. Артыма бұрылып орнынан тұра бастағанын көріп ары қарай кете бердім. Қарасам мені қуып келе жатыр. Жәбірленушімен хабарласып, барлық шығындарын өтеп беретінімді жеткіздім", - дейді оқытушы Алексей Хаджиев.

ЖОО-ның тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі үйлестірушісі Наталья Герасмимованың айтуынша, қазір құзырлы органдар осы мәселемен айналысып жатыр. Ал оқытушы жұмыстан шығарылды дейді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай