Алматыда студенттер арасында жаппай төбелес болды

18 Наурыз 2015, 19:44
2
Алматыда студенттер арасында жаппай төбелес болды - Видео кадры
Видео кадры

Интернетте Алматыда студенттер арасындағы төбелестің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Куәгердің мәліметінше, жаппай төбелес 17 наурыз күні Қазыбек би және Досмұхамедов көшелерінің қиылысында қаладағы колледждердің бірі мен осы маңдағы университеттің студенттері арасында болды. Төбелес сыртқы бақылау камерасына түсірілген. Кадрлардан 20-ға жуық жігіттің бір-біріне қол жұмсап жатқанын көруге болады. Төбелесушілердің бірінің қолында шоқпар сияқты құрал бар. Тағы бір жігіт тапаншамен қаруланған. Жігіттердің бірі қатты соққыдан есінен танып құлап қалды.  

 

Бұған дейін Теміртауда жаппай төбелес болғаны хабарланған еді. Оның да видеосы Желіде жарияланды. Видеодан ондаған жігіттің төбелесіп жатқанын көруге болады. Төбелес оқиға орнына полицейлер келгеннен кейін ғана тоқтады. Бұл төбелеске қатысушылардың да студенттер болуы кәдік. Полицейлер 20 адамды ұстады. "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында төбелесті Павлодардан келген екі жанкүйердің шығарғаны анықталды. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай