17 маусым 2016 17:42

Алматыда су тасқыны салдарынан әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жабылды

© Youtube

Алматыда әл-Фараби даңғылының бір бөлігіндегі қозғалыс тоқтатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық ішкі істер департаментіндегілер хабарлады. Полицейлердің мәліметінше, әл-Фараби мен Фурманов көшелерінің қиылысында орналасқан туннель айырығындағы жол екі бағытта жабылды. "Шығыс пен Батысқа барар жолды кептелістің пайда болмауы үшін жаптық. Біз суды cору жұмыстары біткенше, автокөліктерді басқа көшелерге жеткіздік", - деді департаменттегілер.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram