13 қазан 2014 17:01

Алматыда тағы да жанармай тасушы көлік жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ/"Территория происшествий" бағдарламасының кадры ©СТВ/"Территория происшествий" бағдарламасының кадры

Алматыда жанармай тасушы көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол апаты 13 қазан күні шамамен сағат 12.10-да болған. 


Алматыда жанармай тасушы көлік жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол апаты 13 қазан күні шамамен сағат 12.10-да болған. 

Қытайдың Sinooil компаниясына тиесілі FAW өндірісінен шыққан жанармай тасушы көлік Сүйінбай даңғылынан солтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқан. Жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Suzuki маркалы көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Оның үстіне ISUZU маркалы жүк көлігі джиптің артқы бөлігіне кіріп кеткен.

Жол-көлік оқиғасынан кейін жанармай тасушы көлік пен джип быт-шыт болып, металл сынығы үйіндісіне айналған. Шетел маркалы көліктің жүргізушісі түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылған. Апат кезінде жанармай тасушы көлікке бензин құйылғаны белгілі болды. Оқиға болған жерге өрт сөндірушілер есебі келді, бірақ, абырой болғанда, бензин төгілген жоқ.

Еске сала кетейік, дәл осыған ұқсас жағдай, жанармай тасушы көліктің қатысы бар жол апаты 22 қыркүйекте де болған еді. Жұмабаев пен Палладин көшелерінің қиылысында Royal Petrol-ға тиесілі жанармай тасушы көлік жолаушылар тасымалдайтын автобуспен және Mercedes жеңіл автокөлігімен соқтығысқан еді. Осының салдарынан автобус жүргізушісі қаза болды. Бұдан бөлек, жол-көлік оқиғасынан кейін екі адам ауруханаға жатқызылды, оның біреуіне операция жасалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети