26 желтоқсан 2022 15:00

Алматыда телефон ұстаған автобус жүргізушісі видеоға түсіп қалған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматы полициясы көлік жүргізу кезінде смартфон пайдаланған автобус жүргізушісіне шара қолданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полициясы көлік жүргізу кезінде смартфон пайдаланған автобус жүргізушісіне шара қолданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыдағы №86 автобус жолаушысы түсірген видео пайда болған еді.

"Жүргізушілер автобусты осылай жүргізеді, телефонмен сөйлеседі, ойын ойнайды. Бүкіл жол бойы осы. Бұл 86-маршрут", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Бұл ретте жүргізуші автобус жүргізіп бара жатып та телефоннан бас алмағанын байқауға болады.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі әлеуметтік желілерде пайда болған видеоға ден қойып, тексеру шараларын жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Автобус жүргізушісі міндетті түрде анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар, мұндай әрекеттерге, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға жол берілмейтініне назар аударамыз", - деді Алматы ПД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети