26 қаңтар 2022 21:15

Алматыда Төле би мен Әуезов көшелері қиылысындағы алапат өрттің видеосы жарияланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Төле би, 177 мекенжайындағы үш қабатты ғимарат өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Алматыда Төле би, 177 мекенжайындағы үш қабатты ғимарат өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

26 қаңтарда сағат 19.23-те ТЖД қызметкерлері өрт болған жерге барған.

"Келгеннен кейін 6 минуттан соң үш қабатты ғимарат өртеніп жатқаны анықталды. Ғимарат жұмыс істеп тұрмаған. Өрт қатар тұрған Jusan Bank ғимаратына жайылу қаупі туындады. Төле би көшесіндегі өрт 20-35-те ауыздықталып, таралу қаупі жойылды", - деді ведомство өкілі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

Сондай-ақ, оқиға орнында 2 өрт сөндіру учаскесі құрылды: оңтүстік және солтүстік жағынан. Өрт автосатылары орналастырылды, өртке қарсы құралдар қолданылды. Осылайша, су үздіксіз берілді. Оқиға орнында 10 техника, 50 жеке құрам жұмыс істеп жатыр. 37 метрлік 2 автосаты орналастырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети