11 наурыз 2015 11:32

Алматыда төртқабатты үйде өрт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Роза Есенқұлова ©Роза Есенқұлова

Алматының "Таусамалы" ықшамауданында төртқабатты үйді өрт шалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Өрт шалған аумақтың ауданы, алдын ала мәліметке қарағанда, 450 шаршы метрге жеткен. 


Алматының "Таусамалы" ықшамауданында төртқабатты үйді өрт шалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Өрт шалған аумақтың ауданы, алдын ала мәліметке қарағанда, 450 шаршы метрге жеткен. 

Тұрғындардың айтуынша, өрт таңғы сағат 8 шамасында басталды. "Түтіннің иісін сездік, өртсөндірушілерді шақырдық. Шатыр өртеніп жатты", - деді тұрғындардың бірі Татьяна Самойлова. Төртінші қабатты түгелдей су басты, пәтерлерге зақым келді. Қазіргі уақытта пәтерлеріне зақым келген тұрғындарға үй-жай табу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Тұрғындардың айтуынша, Наурызбай аудандық әкімдігінің өкілдері адамдарды жақын жердегі мектепке көшіруге уәде берген. Оқиға орнына жедел жәрдем мен ТЖД қызметкерлері және жол-патруль полициясы келді. 

Әзірше қаза болғандар мен зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ. Материалдық шығын есептеліп жатыр. Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар департаментінің анықтаушылары оқиғаны тергеп жатыр. Үй тұрғындары өрттің электр қуатының істен шығуынан болуы мүмкін екенін айтты. 

Еске сала кетейік, бұған дейін осы жылдың 28 ақпаны күні Алматының Алмалы ауданындағы жеке үйде өрт болған еді. Жалын 100 шаршы метрді шарпыды. Оқиғаның салдарынан 31 жастағы ер адам бірінші дәрежедегі күйік алды. Оны "жедел жәрдем" қызметкерлері облыстық клиникалық ауруханаға жеткізді. Полицейлер 62 жастағы мүгедек әйелдің өмірін сақтап қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети