20 желтоқсан 2022 10:44

Алматыда Toyota Camry жолайрықтағы көпірден аударылып кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматыда Toyota Camry биік көпірден құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Toyota Camry биік көпірден құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға кеше түнде Рысқұлов даңғылы бойындағы Күдерин көшесімен қиылыстағы жолайрықта болған.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі мәліметінше, оқиға түнгі сағат 01:50-де болған. Toyota Camry көлігін 20 жастағы жасөспірім тізгіндеген.

"Toyota Camry маркалы көлікті тізгіндеген жүргізуші, Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта, Кудерин көшесінің қиылысында, рөлді басқара алмай, жол өтпесінің батыс жағынан металл қоршау - кедергіге соғылып, одан әрі көпірден аударылып кеткен", - деді Алматы полициясы өкілдері.

Оқиға салдарынан жүргізуші жарақат алып, қаладағы ауруханаға жеткізілді.

"Сонымен қатар, оның екі жолаушысы 1999 жылы туған азамат Г. мен 2003 жылы туған азамат К. медициналық көмекке жүгініп, олар да медициналық мекемелерге жеткізілді. Бұл деректі Алатау ауданының полиция қызметкерлері өндіріске алды", - деп қосты Алматы полициясы өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети