29 наурыз 2014 16:00

Алматыда троллейбус өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Әлішер Ахметов ©Әлішер Ахметов

Алматыда троллейбус өртенді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда троллейбус өртенді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше оқиға Өтеген батыр көшесінің Қабдолов (Маречек) көшесімен қиылысар тұсында, Әуезов аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратына қарама-қарсы жерде болды. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, сағат 14.00 шамасында көлік түтіндей бастаған. Өрт 10 шаршы метр ауданға жайылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, 14 наурыз күні Алматыда екі троллейбус түйісіп қалған еді. Сол кезде де соғылған қоғамдық көліктердің бірінде от шыққан болатын.

Ал қаңтар айында Астанадан бірнеше шақырым жерде Өскеменге қарай жолға шыққан екіқабатты жолаушылар автобусы жанып кеткен еді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, автобуста 67 адам болған, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети