28 желтоқсан 2021 16:33

Алматыдағы балабақша тәрбиешісінің суициді: істің мән-жайы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Алматыда полиция қызметкерлері балабақшада балаларды ұрып-соққаны үшін жұмыстан шығарылған тәрбиешінің өліміне қатысты кейбір деректерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда полиция қызметкерлері балабақшада балаларды ұрып-соққаны үшін жұмыстан шығарылған тәрбиешінің өліміне қатысты кейбір деректерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдары мәліметінше, 42 жастағы әйел өзіне қол жұмсаған.

"Ол өзіне қол жұмсаған, нақты айтқанда асылып қалған. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді қалалық ІІБ өкілдері.

Оқиға Жетісу ауданында болған. Қазір жергілікті полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, Алматыда балаларды ұрған балабақша тәрбиешісі өзіне қол жұмсағаны хабарланған болатын.

Бұған дейін Алматыда балаларды ұрып-соққаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған балабақша тәрбиешісі бап бойынша жұмыстан шығарылғаны хабарланған болатын. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Басылым авторының айтуынша, балалардың еріні жырылып, денесінде көгерген іздер қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети