08 қаңтар 2019 14:59

Алматыдағы жол апаты: Көліктен табылған желетке мен камералар тізімі кімдікі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматы полиция департаментінің өкілдері әл-Фараби даңғылының бойында ірі жол апатына кінәлі болған жол талғамайтын көліктен жарық шағылыстыратын желетке мен камералар орнатылған тізімі бар құжаттың қалай тап болғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматы полиция департаментінің өкілдері әл-Фараби даңғылының бойында ірі жол апатына кінәлі болған жол талғамайтын көліктен жарық шағылыстыратын желетке мен камералар орнатылған тізімі бар құжаттың қалай тап болғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Алматыда 8 қаңтарға қараған түні әл-Фараби - Жароков қиылысында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Toyota Land Cruiser 200 автокөлігі әл-Фарабимен батысқа қарай кетіп бара жатқан. Оның жүргізушісі алдымен BMW седанды соғып, сол жақтағы ең шеткі жолаққа ұшып кетті, ол жерде Mazda жеңіл автокөлігімен соқтығысты. Осыдан кейін Land Cruiser жолдағы қоршаулар мен көшедегі жарықтандыру бағаналарына соғылып, аударылып қалған. Автокөліктің жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

ПД өкілдерінің айтуынша, жол апатына кінәлі жол талғамайтын көлік жүргізушісі 1980 жылғы Құдайберген Ибраимов қазіргі уақытта ауруханада ем қабылдап жатыр. 

"Ибраимов бұрындары Алматы қаласы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасында процессинг орталығында техник болып жұмыс істеген. 2018 жылы 12 желтоқсанда ПД №784 бұйрығына сәйкес ол ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылған. Ибраимов Toyota Land Cruiser автокөлігін өз туысынан бөліп төлеу жолымен алғаны белгілі болды. Оның жары көліктің қарызынан әлі құтылмағандарын айтады. Сонымен қатар, жарық шағылыстыратын желеткені кез келген жерден сатып алуға болатынын айта кету керек", - деді полицейлер. 

Осыған дейін, Facebook қолданушысы Андрей Андреев өз парақшасында оқиғаның суреттері мен видеосын жариялады. Оның айтуынша, автокөліктің артқы орындығында "жолполдың желеткесі", ал еденінде "камералардың тізімі жазылған құжаттар шашылып жатыпты".


Фото: facebook/Андрей Андреев

"Барлығы да болжам, нақты демей-ақ қояйын, өздеріңіз білесіздер, кейін бір нәрсе өзгеріп жатса кінәлі болғым келмейді", - деп жазды ол.

Алматы полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша іс қозғалған.

"Осы іске қатысты қажетті сараптамалар тағайындалып, кінәлі адамға қатысты заңға сәйкес шара қолданылатын болады. Айта кетейік, жол апаты салдарынан жол талғамайтын көліктің жүргізушісі зардап шекті. Ол ішкі істер органы қызметкері емес", - деді полиция өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети