21 маусым 2015 | 11:32

Алматыдағы жол бойында қылқындырылған ер адам тірі қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Видеоролик карды © Видеоролик карды

Алматыдағы жолда қылқындырылған ер адам тірі қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы жолда қылқындырылған ер адам тірі қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, Ішкі істер департаменті түнгі уақытта интернетте пайда болған видеоны дереу зерттеген.

"Осы дерек бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде видеороликтегі екі автомобильдің де жүргізушілері анықталды", - деді ол.

ІІД баспасөз қызметі бейнебақылау камералары арқылы автомобильдердің маршруттарын анықтады. "Оқиға болғанға дейін жүргізушілер жолда жанжалдасып қалады, кейін Райымбек даңғылының бойында олар тоқтап, біреуі екіншісіне қол жұмсайды, кейін екеуі де автомобильдеріне отырып қозғалысты жалғастырды", - деді Әзірбек.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға бұл іс бойынша ешкім шағымданбаған. Куәгерлер де "102" нөміріне хабарласпады.

"Қазір Алматыдағы Алатау аудандық ІІБ қызметкерлері оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр. Шабуыл жасаған ер адам тергеуге алынады", - деді Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, Алматы көшесінде белгісіз біреулер жұрттың көзінше ер адамды қылқындырғаны түсірілген видео Facebook желісіне жарияланған болатын. Оқиға 20 маусымда сағат 18.00 шамасында болды. Жәбірленушіге көмектесуге ешкімнің асықпағанын роликтен көруге болады. Бірнеше секундтан кейін ер адам құлап түсті. Ал автор видеоны ер адам өлді деген пікірмен жариялады.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети