02 қазан 2023 09:34

Алматылық қыз белгісіз жігіт артынан аңдып келіп, тиіскенін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/almaty_kris_p © instagram/almaty_kris_p

Алматыда белгісіз жігіт бойжеткенді көшеде аңдып, кейін онымен бірге подъезге кіріп, шабуыл жасаған. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео Almaty Krispi-парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда белгісіз жігіт бойжеткенді көшеде аңдып, кейін онымен бірге подъезге кіріп, шабуыл жасаған. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео Almaty Krispi-парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиға 31 шілдеде болған. Алматы тұрғыны жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан.

"Жігіт артымнан аңдып жүрген, кейін подъезге кірген екен. Мен кіріп, кілтті есікке салдым, ол артымнан келіп, аузымды жапты, кейін маған тиісе бастады, кеудемді ұстай бастады. Ол маған әрі қарай қол тигізбеуі үшін еденге отырдым, қолын итеріп жібергім келді, бірақ шамам келмеді, отбасым үйде болатын, есікті ұра бастадым.

Қорыққаннан ол жүгіріп шықты, мен үйге әрең кіріп, болған жағдайды анама айттым. Анам оны іздеп көшеге шықты. Кейін полицияға хабарластық, олар саусақ іздерін алды. Кіреберісте де, сыртта да камера жұмыс істеп тұрғаны жақсы болды.

Ол 02.08.2023 жылы ұсталды. Менің ісім екі ай қаралып, 2023 жылғы 22 қыркүйекте жабылған, бірақ мен кеше ғана білдім. Өйткені маған іс туралы ештеңе айтпады, тергеуші мені де, анамды да елемейді. Ол лайық жаза алу үшін мен бұл іс бойынша әділеттілікке қолжеткізгім келеді. Менен басқа ешкімнің мұндай жағдайға тап болғанын қаламаймын", - деп жазды бойжеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети