03 ақпан 2017 09:26

Алматылық зейнеткерге өлім екпесін салған медбике жазадан құтылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Newstes.ru © Newstes.ru

Алматы облысында екпеден кейін көз жұмған науқастың туыстары дәрігерлерді қылмыстық жауапқа тартқыза алмай жүр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Алматы облысында екпеден кейін көз жұмған науқастың туыстары дәрігерлерді қылмыстық жауапқа тартқыза алмай жүр, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, шақыртылған арнайы комиссияның сараптамасы дәрігерлердің өлімге қатысы жоқ екенін көрсетсе, жуырда дайын болған тәуелсіз сарапшылардың қорытындысы оған қарама-қайшы екенін алға тартуда. Сондықтан олар енді тек жұмыстан кетіп, жауапкершілікке тартылмаған амбулатория қызметкерлерінің ісін сотқа дейін жеткізбек. 

Сондай-ақ, телеарна тілшілері жарты жыл бұрын амбулаторияның екпе бөлмесінде отағасынан айырылып қалған Надежда Сивак қателік жіберген дәрігерлерді қайткенде де жазаға тартқызуға бел буып отыр. Себебі, ақ халаттылар өздерін кінәсіз етіп көрсету үшін түрлі құйтырқы әрекеттерге барғаны жесірдің шамына тиген. Мәселен, олар Александр Сивактың картасындағы анализ қағаздарын алып, оның орнын ойына келген мәліметтермен толтырған. Тіпті жазбаларда марқұмның жиі арақ ішкені туралы жазу енгізіліпті. Ал бірінші сот-медициналық сараптама амбулаториялық карта негізінде жүзеге асырылғандықтан оның қорытындысына сенбеген отбасы тәуелсіз сарапшылардың көмегіне жүгінген.

"Сараптама менің жұбайымның ине салғаннан көз жұмғанын, яғни екпенің дұрыс жасалмағанын көрсетті. Істің анық-қанығын білеміз дегенше 6 ай артта қалды.Осынша уақыт өтсе де, ешкім жазаға тартылмады. Мені, отбасымды ақымақ етіп, күйеуіме күйе жақпақ болды. Куәгерлердің түсініктерін жоққа шығарудың амалын жасаған. Енді шынайы сараптама қорытындысы шыққан соң мені мазалап, істі сотқа жеткізбеуге тырысуда", - дейді марқұмның жесірі Надежда Сивак.

Ұзаққа созылған тергеу жұмыстарында кейін жөтелін емдеуге келген Александр Сивакқа дәрігерлер мүлдем тиіспедік деп, өздеріне шаң жуытпаған екен. Яғни, марқұм емханаға кірген кезде өзі өлген деген түсінік беріп, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы оны өздері жүргізген сараптама қорытындысымен растады. Бірақ уақыт өте бұрын барлығы жалған екені анықталған.

Ал Бәйтерек ауылдық амбулаториясының меңгерушісі Тілеужан Нүсіптің айтуынша, амбулатория меңгерушісі мен екпе салған медбике жұмыстан кетті. "Бірнеше жаңартылулар мен толықтырулар енгізілді жұмыста 6 ай бұрынғымен салыстырғанда. Мен ол жайында сіздерге ештеңе айта алмаймын. Өйткені құқық қорғау органдарына тапсырылған", - деді ауылдық амбулаториясының меңгерушісі.

Телеарнаның мәліметінше, осы іске қатысы бар қос дәрігер ақыры жұмыстан кетіп қалған. Бірақ жіберген олқылығы үшін емес. Амбулаторияның бұрынғы меңгерушісі зейнетке шықса, ине салған медбике өз еркімен қызметінен босатылған. (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети