03 қазан 2023 09:23

Алматылықтар қауіпті жаяу жүргіншілер өткеліне қатысты наразылық білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/kris__p__almaty Фото: instagram.com/kris__p__almaty

Алматы тұрғындары қала шетіндегі жаяу жүргіншілер өткелдерінің бірінің төңірегіндегі жағдайға наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы тұрғындары қала шетіндегі жаяу жүргіншілер өткелдерінің бірінің төңірегіндегі жағдайға наразы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме Құлжа тасжолы мен Бұқтырма көшелерінің қиылысында орналасқан жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі туралы болып отыр. Жергілікті тұрғындар шенеуніктер жүргізушілер үшін қолайлы жағдай жасағанымен, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін ұмытып кеткенін айтады.

"Бұл жанайқайымыз. Біз әкімдікке және "ҚазАвтоЖолға" дұрыс реттелетін жаяу жүргіншілер өткелін орнату туралы жазған болатынбыз. Қарсы бетте мектеп болғандықтан, балалар екі ауысымға барады. Ал түнде жаяу жүргіншілерге жарықтандыру да, камералар да жоқ. Барлығы көпірден сағатына 70 шақырымнан аса жылдамдықпен өтеді", - дейді олар.

Айта кететін жайт, бұл аумақта жол-көлік оқиғалары жиі болады.

Тұрғындардың айтуынша, мұндай оқиғаның бірі бір күн бұрын, яғни 1 қазанда күндіз болған. Полицейлердің Tengrinews.kz тілшісіне берген мәліметі бойынша, соқтығыс салдарынан екі адам зардап шеккен. Оларды Subaru Legacy көлігінің жүргізушісі қағып кеткен.

Қазіргі уақытта Медеу аудандық полициясы бұл деректі анықтауға кіріскен. Тиісті сараптамалар тағайындалғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 478.28   490.7   5.43 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети