11 сәуір 2016 09:51

Анкарада қазақстандық елшінің жүргізушісі қаза болды

Виталий Ляхович Программист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© cihan.com. © cihan.com.

Анкарада Қазақстанның Түркиядағы елшісінің жүргізушісі жол апатынан қаза тапты, тағы үш адам жарақат алған. Бұл туралы түріктің CIHAN басылымы хабарлады.


Анкарада Қазақстанның Түркиядағы елшісінің жүргізушісі жол апатынан қаза тапты, тағы үш адам жарақат алған. Бұл туралы түріктің CIHAN басылымы хабарлады.

Оқиға 10 сәуірде Кануни Сұлтан Сүлеймен атындағы гүлзарда болған. Ферхат Севил есімді жүргізушінің тізгінге ие бола алмай қалып, жолдағы барьерге соқтығысқаны хабарланып отыр.

Анкарадағы елшіліктің кезекші коменданты Tengrinews.kz тілшісіне қаза тапқан азаматтың Түркия азаматы болғанын айтты. Ол өз автомобилінде болған. Жол апаты сәтінде көлік салонында тағы үш адам болған - шешесі, әйелі және жүргізушінің баласы - олар да түрік азаматтары. Олар түрлі дәрежеде жарақат алды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Анкарада Қазақстанның Түрік Республикасындағы елшілігі орналасқан. Қазақстанның Түркиядағы елшісі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети