"АрселорМиттал Теміртау" басшысы өрттің салдарын айтты

12 Қараша 2018, 13:49
0
"АрселорМиттал Теміртау" басшысы өрттің салдарын айтты -

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ өкілдері комбинатта болған өрттің салдарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компаниядағылардың айтуынша, газ құбырындағы апаттың салдарынан бес адам зардап шеккен. Кәсіпорынның атқарушы директоры Вадим Басиннің мәліметінше, олардың екеуі жеңіл жарақат алған, үшеуі емделіп жатыр.

"Екі адамның басы зақымданды, біреуінің оң қолының шынашағы сынған. Шамамен кешкі сағат жеті болатын және олардың барлығы жұмыстан қайтып бара жатқан", - деді Басин.

Оның айтуынша, сол күні кәсіпорында жарылыс болмаған, қуаты жоғары гидродинамикалық соққы болған. 

"Салдарынан сол жерде жатқан газ құбырлары бүлінді, олар эстакадада орналасқан. Олардың көбі оттек құбыры, азот құбыры, су құбыры, сұйылтылған газ құбыры және сығылған ауа газ құбыры. Өрт сұйылтылған газдың газ құбырының үзілген жерінен шықты. Тиек жабылып, шаралар қолға алынғаннан кейін өрт ауыздықталды. Қазір комбинат жұмыс параметрі төмендетілген режимге көшірілді. Комбинаттың электр станциялары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Қаланы жылытып, жарықты беріп отырмыз", - деді Басин.

Оның айтуынша, регламентке сәйкес барлық газ құбыры ішкі сараптамадан өткен.

"Ол жерде газ құбыры көп. Бес жыл бұрын пайдалануға берілген жаңалары бар. 10-15 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқандары да бар. Қайсысынан болғанын әзірше айта алмаймын. Қазір ол жерде комиссия жұмыс істеп жатыр, оны өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы басқарады. Егер комиссияға қосымша уақыт қажет болмаса, тексерудің нәтижесі он күннен кейін белгілі болады", - деді ол.

Әзірше бұл оқиғаның кеншілердің 13-ші жалақысына қалай әсер ететіні белгісіз. Басиннің айтуынша, егер ұжымдық келісімшартта жазылған бизнес-жоспардың 90 пайызы орындалса, жыл соңында жұмысшыларға сыйақы беріледі.

"Бұл 3 миллион 915 мың тонна. Алда әлі уақыт бар, көреміз. Бизнес жоспар өзгертілмейді", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

???? от подписчиков. Авария на АМТ. ---------------------------------------------------------------------------- Городская страница Темиртау @temirtau.city Городская страница Караганды @karaganda.city ---------------------------------------------------------------------------- #караганда #karaganda #karagandacity #krg #крг #темиртау #temirtaucity #temirtau #шахтинск #майкудук #пришахтинск #макен #абай #сарань #балхаш #жезгазган #астана #алмата #шымкент #павлодар #атырау #актау #семей #уральск #кокшетау #казахстан #новостикараганда #новоститемиртау

Публикация от Темиртау | Казахстан (@temirtau.city)

Еске сала кетейік, өрт 10 қарашада, сағат 19.53-те басталды. Комбинат қызметкерлері өртті сағат 22.21-де ауыздықтады. Өрт салдарынан конвертер цехі ғимаратының конструкциясына зақым келді, оған көпір краны, дайын өнімді үздіксіз құю машинасы, су өңдеу жабдығы құлаған. Сонымен қатар, құбыр желілері (су, бу, газ), кабельдік өнім бүлінді. Конвертер цехтың, әктас өртеу цехының, барлық илемдеу цехының, темірлік цехтың жұмысы тоқтатылды. Теміртаудағы металлургия комбинатында болған апатты тергеу үшін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі комиссия құрды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай