Астанада 500-ден астам жаяу адамға айыппұл салынды

15 Қыркүйек 2014, 11:58
0
Астанада 500-ден астам жаяу адамға айыппұл салынды - ©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Астана полицейлері өткен аптада Жол қозғалысы ережесін бұзудың 6000 дерегін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, жолды қауіпсіз жағдайда кесіп өту ережесін бұзғаны үшін 542 жаяу жүргіншіге жалпы сомасы 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Сонымен бірге көлікті мас күйде жүргізген 69 адам ұсталды.

Бір апта ішінде жылдамдық тәртібін 689 адамның бұзғаны анықталды. Қауіпсіздік белбеуін тағынбаған 340 жүргізуші ұсталды. Көлікті басып озу ережесін бұзған 308 жүргізуші мен жаяуларға жол бермеген 60 жүргізуші тағы анықталды. Бұған қоса, 104-тан астам жүргізушінің атмосфераға зиянды заттар мен өңделген газ таратқаны әшкереленді.

"Астана ІІД әкімшілік полиция басқармасы жүргізушілерге жол қозғалысының өзге де қатысушыларына, әсіресе балаларға қатысты мейлінше сақ болуды ескертеді. Өзара сыпайылық пен мұқият болу жолдағы ахуалдың жақсаруына септігін тигізіп, жолдың қауіпсіздігін арттырады", - делінген таратылған хабарламада.

Бұған дейін Tengrinews.kz Бас прокуратура ұсынған талдау мәліметтерін жариялаған болатын. Онда елімізде жол-көлік оқиғаларының, негізінен, жұма күні болатыны айтылған. Алдыңғы жылмен салыстырғанда оқиғалар саны 3,6%-ға, қаза болған адамдар саны 13,8%-ға азайды. Республикада 2014 жылдың 8 айында 12 630 жол-көлік оқиғасы тіркелді, олардың салдарынан қаза болғандар мен жарақат алғандардың саны - 17 690 адам. 526 оқиға жаяу жүргіншілердің жолдардың белгіленбеген бөліктерінен өтуі салдарынан болған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай