Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астанада "Әбу-Даби Плаза" кешенінен шыққан өрт ауыздықталды

13 Ақпан 2016, 10:05
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Астанада "Әбу-Даби Плаза" кешенінен шыққан өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

"Бүгін сағат 04.40-та Abu Dabi Plaza кешеніндегі корпустардың бірінен өрт шыққаны туралы хабарлама келді. Он минуттан кейін өрт сөндірушілер оқиға болған жерге жетті. Жеке құрамнан 40 адам ғимарат ішіндегі өртті сөндіріп жатыр. 120 адам эвакуацияланды. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға болған жерде биік ғимараттағы өртті сөндіруге арналған, биіктігі 88 метр болатын "Бронто Скайлифт" көтергіші жұмыс істеп жатыр", - деді ТЖК ресми өкілі.


"Бронто Скайлифт" құрылғысы. ©Tengrinews.kz

Өртті сөндіруге құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің жеке құрамынан 78 адам және 27 өрт сөндіру-құтқару техникасы, Астана ІІД жеке құрамынан 12 техника мен 24 адам жұмылдырылды.


©Tengrinews.kz

Иманқұловтың айтуынша, өрттің жайылуына ағаштан жасалған қалыптар себеп болыпты. Өрт шыққан жерге қазір ҚР ішкі істер министрі, полицияның генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымов пен министрдің орынбасары Владимир Божко келіп жетті. "Сағат 8.25-те өрт толық ауыздықталды. Көтерілетін жолдардың болмауынан өртті ауыздықтау қиынға соқты. Болжам бойынша, өрт дизель отынымен жұмыс істейтін құрылғыдан шыққан. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр. Ғимараттағы өрт қауіпсіздігін "НикаСтройСервис" ЖШС қамтамасыз еткен", - делінген хабарламада.


Оқиға болған жерде тікұшақ кезекшілікте жүр. ©Tengrinews.kz


Куәгер жолдаған сурет.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай