01 шілде 2015 16:24

Астанада бір адамды пойыз басып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©rail-road.msk.ru ©rail-road.msk.ru

Астанада пойыз бір адамды басып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада пойыз бір адамды басып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз хабарламасында төтенше жағдайдың 30 маусымда "Астана-Жайнақ" станциясында болғаны хабарланған. "Астана-Арқалық" жолаушылар пойызының машинисі жолда бөтен адамның бар екендігіне байланысты шұғыл тоқтауға мәжбүр болды, алайда пойыз Астана қаласының 21 жастағы тұрғынын басып кетті, ол рұқсат етілмеген жерде жолдан өтпек болған", - делінген баспасөз хабарламасында.

Көліктегі ІІД мәліметінше, зардап шеккен адамды жедел жәрдем бригадасы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізді. Қазіргі уақытта осы іске қатысты тергеуді Астана станциясының желілік ішкі істер басқармасының қызметкерлері жүргізіп жатыр. 

Көліктегі ІІД өкілдерінің айтуынша, 30 маусымда машинистер Астана, Луговая, Майқұдық және Петропавл станцияларында жеті мәрте шұғыл тоқтауға мәжбүр болды. Адамдардың теміржол бойында болуына байланысты шұғыл тоқтау бойынша алты дерек тіркелді. Ал бір рет шұғыл тоқтау жолда жануардың болуына байланысты тіркелген. Ресми мәліметтер бойынша, жыл басынан бері республикада 560-тан аса шұғыл тоқтау тіркелген.  

"Адамдардың пойыз астына түсіп кету жағдайларын зерттеу мұндай жағдайлардың басты себебінің теміржолдардан адамдардың рұқсат етілмеген жерлерден өтуі және зардап шегушілердің теміржолдардан өтудегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан екендігін көрсетті", - деп хабарлады көліктегі ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысының орынбасары Серік Төрекенов.

Сонымен қатар, ол биылғы кезеңде көлік полицейлерінің рұқсат етілмеген жерден өткен 17 152 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқанын айтып берді. Теміржолдан рұқсат етілмеген жерден өтуге үш АЕК (5946 теңге) түріндегі айыппұлдың салынатыны хабарланып отыр.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети